Атыраулық дәрігерлер салмағы 800 грамм нәрестені құтқарды

Бала жүктіліктің 26-шы аптасында туған және ауруханада 2 айдан астам уақыт өткізді.
27 шілдеде Ясина 1 жасқа толды. Анасының айтуынша, қызы еңбектеп жүреді және ақылды бала болып өсіп келеді. Айта кетсек, әлемдегі салмағы ең кішкентай шала туылған бала АҚШ-та тұрады. Ричард Скотт Уильям Хатчинсон 337 грамм салмақпен дүниеге келген. Қазір ол екі жаста.

Дереккөз: Спутник