Атыраудың шалғай ауылынан шыққан 9 жасар қыз тағы да әлем топ моделі атанды

👠 Мода и стиль
16.06.2022
Просмотров: 348

Мәриям Ишангалиева Сочи қаласында өткен байқауда 100-ден астам аруды артта қалдырып, «Әлем моделі-2022» атағына ие болды.

Конкурсқа әлемнің түкпір-түкпірінен 3-16 жас аралығындағы қыздар қатысты. Мәриям қазылар алқасын ауылдағы әпкесі тігіп берген қазақтың ұлттық киімімен таңқалдырған. Еске салсақ, Атыраулық кішкентай ару былтыр да «Әлем моделі-2021» атағын жеңіп алған болатын. Күзде Мәриям Түркия және Дубайда өтетін сән аптасына қатысады.

Мәриям қазылар алқасын ауылдағы әпкесі тігіп берген қазақтың ұлттық киімімен таңқалдырған

Дереккөз:  Nur.kz 

Так же вам может быть интересно