Астанада 5 жасар баланы құтқарған оқушыға 1 млн теңге берілді

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Ақан Әкімжановпен және оның отбасымен кездесіп, алғысын білдірді.
Ақшалай сыйақыдан бөлек Ақанға планшет табыс етілді, сондай-ақ, болашақта колледжге немесе университетке түсу кезінде көмек көрсетілетін болады. 20 мамыр күні 7 сынып оқушысы аулада ойнап жүргенде 4-ші қабатта балконда ілулі тұрған баланы байқап қалған. Ақан бірден 5 жасар баланы құтқарып қалған.
Дереккөз: Қазақпарат
Фото: Жеңіс Қасымбектің жеке парақшасынан