Астана күнінде қазақстандықтар ұзағырақ демалуы мүмкін

«Ашық нормативтік құқықтық актілер» сайтындағы қаулыға сәйкес, биыл демалыс күнін 1 шілдедегі сенбіден 7 шілдедегі жұмаға ауыстыру ұсынылды. Осылайша, қазақстандықтар елорда күніне ұзағырақ демала алады.
Жобаны іске асыру үшін мемлекеттік бюджеттен қаржы талап етілмейді және әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкеліп соқпайтыны көрсетілген.
Құжат жобасы 15 наурызға дейін қоғамдық талқылауда болады.
Дереккөз: Спутник