Астана – Дели бағытында жаңа әуе рейс ашылады

Рейстерді аптасына үш рет «Indigo» үнділік лоукостер орындайтын болады.
Жалпы, көктемгі-жазғы навигация кезеңінде елдер арасындағы жолаушылар рейстерінің 5 әуе бағыты бойынша аптасына 24 рейске дейін ұлғаюы күтілуде. Қазіргі уақытта тұрақты әуе қатынасы Алматы – Дели («Эйр Астана» — аптасына 7 рейс, «IndiGo» — аптасына 7 рейс), Алматы – Гоа (SCAT – 2), Астана – Гоа (FlyArystan – 2) бағыттары бойынша орындалады.
Еске салсақ, 20 сәуірден бастап Алматы – Мумбай бағыты бойынша аптасына үш рет рейстер орындалатын болады.