Аспаннан жұлдыз аққанда: Том Круз британиялық жанұяның бақшасына тікұшақпен қонып, бәрін таңғалдырды

🌎 Жизнь
27.08.2021
Просмотров: 77

Элисон Уэбб есімді Уорикшир графтығының тұрғынына бейтаныс адамдар хабарласып, бақшасына «VIP қонақтың» тікұшағына қонуға рұқсат беруін сұраған.

Келіншектің үйінен бірнеше шақырым жерде Ковентри әуежайы бар, алайда қазір ол уақытша жабық екен. Элисон ерекше қонақты қабылдауға келісті. Ал тікұшақ бақшасына қонған сәтте ол таңғалғанын жасыра алмады. Себебі, әйгілі актер Том Крузды күнделікті кездестіре бермейсің ғой. 59 жастағы Голливуд актері көрсеткен көмегі үшін Элисонға алғыс айтып, балаларымен суретке түскен. Тіпті, оларды тікұшаққа мінгізіп, экскурсия ұйымдастырған.

Дереккөз: Daily Mail 

Так же вам может быть интересно