Арнольд Шварценеггер Қазақстанға келе жатыр: Netflix-те жаңа сериал шықты

🎬 Кино
29.05.2023
Просмотров: 474

Темір Арни қазақтар жиі аталатын шпиондық сериалда басты рөлді сомдап, Қазнетте қызу талқыға түсті.

Фубар (Fubar) боевигіндегі кейіпкерлер Қазақстанды, қазақтар мен «Нұр-Сұлтан» қаласын атап өтеді. Кадрда қазақстандық төлқұжаттың фотосы, «Қазақстандағы ең танымал сағыз», оның бағасының шарықтап кетіп, оны енді тек олигархтар пен шененіктер ғана сатып алуға мүмкіндігі бар екені айтылады. Ал эпизодтардың бірінде кейіпкердің бірі «қазақтар шошқа етін жемейтінін» атап өтеді. Сериалда Анна Фетисова атты Қазақстан азаматының Сүлеймен Демирел атындағы университетте заңгер мамандығы бойынша оқығаны белгілі болады.

«Дмитрий Корчев, Нұр-Сұлтанға қарындасыма барамын»,

— дейді Арнольд Шварценеггердің кейіпкері. 75 жастағы актер Орталық барлау басқармасының агентінің рөлін сомдайды.

Так же вам может быть интересно