«Аркейн» атты аниме-сериал «Кальмар ойынынан» танымал болды

🎬 Кино
10.11.2021
Просмотров: 144

League of Legends компьютерлік ойыны бойынша түсірілген шоу 24 сағаттың ішінде Netflix-тің әлемдік чартында көш бастады. Бұдан бұрын 23 қыркүйектен бастап бірінші орынды «Кальмар ойыны» иеленіп келді.

Қазіргі уақытта  «Аркейн» 38 мемлекеттегі Netflix рейтингінде көш бастап тұр. Көрермендер мен критиктер «Аркейнге» жоғары баға берді – аниме 10 балдан 9,4 бал алды. Сюжет бойынша, оқиға Пилвотер атты бай қаланың Зауна деген тұрмысы нашар ауданында орын алады. Басты кейіпкерлер – екі апалы-сіңілі. Олар жауласып жүрген екі территорияның арасында қалып, бір-бірімен айырылусуға мәжбүр болады. Әпкесі сіңілісін іздеп табуға бет бұрады.«Аркейннің» алғашқы үш сериясы шықты. Тағы үш эпизодтан тұратын екі бөлім 13-ші мен 20-шы қарашада шығады.

https://www.youtube.com/watch?v=k_LBADQ7jnM

Дереккөз: РИА Новости 

Так же вам может быть интересно