АҚШ тұрғыны сегіз секундта үш чили бұрышын жеп, Гиннесс рекордын орнатты
Грегори Фостер 30 жыл бойы дәмханаларда жұмыс істеп, неше түрлі тағам дәмін татып көрген. Ал соңғы уақыттан бері ол тұщы тұздық шығаратын компанияның басшысы.
Грегори рекорд орнату жолында бір күнде алты чили бұрышын жеуге мәжбүр болған. Себебі алғашқы талпынысы сәтсіз өтті. Ол бұрыңғы рекорд иегерінің көрсеткіші — 9 секундтан асып түсе алмады. Десе де, ақыры дегеніне жетіп, үш чили бұрышын небәрі 8,72 секундта жеп үлегрді.
Дереккөз: Гиннесс рекордтар кітабы