АҚШ тұрғыны джекпоттан $1,34 млрд ұтып алды
Ер адам сәтті лотерея билетін Чикагодағы жанармай құю бекетінде сатып алған.
Оның ақшаны алудың екі жолы бар. Бүкіл ұтысты бірден алған жағдайда салық сомасы ұсталып, жеңімпаз қолма-қол $780 млн алады. Ал егер ол 29 жыл бойы ақшаны бөліп алуға келіссе, онда ұтыс сомасы толығымен төленеді. Жанармай құю бекеті де сітті билетті сатқаны үшін $500 мың сыйақы алады. Айта кетсек, 2018 жылы АҚШ тұрғыны джекпоттан $1,5 млрд ұтып алған еді.
Дереккөз: CNN
Фото: Unsplash.com