АҚШ тұрғыны 60 келіге арықтап, күйеуімен қайта үйлену тойын жасады
Кристина Джордан 2001 жылы тұрмысқа шықты. Ол кезде қалыңдықтың салмағы 123 келі болған.
Сондықтан ол өзінің көңілінен шыққан қалыңдық көйлегін кие алмаған. Осылайша Кристина өлшемі сәйкес келген көйлекті таңдауға мәжбүр болды. Ал 20 жылдан кейін ол екі есе арықтап, қалаған көйлегін киюге мүмкіндік алды. Осылайша 41 жастағы Кристина армандаған үйлену тойын жасады.
Дереккөз: Metro