АҚШ-та мейрамханада тамақтанып отырған ерлі-зайыпты устрицаның ішінен інжу тауып алды
Оқиға Нью-Джерси штатында орын алды. Майкл Спресслер жары Мариямен бірге 34 жыл бойы келіп жүрген сүйікті мейрамханасында тамақтануға келген.
Бір кезде ер адам ауызында қатты бір затты сезіп, басында тісін сындырып алдым деп ойлап қалған. Алайда ол диаметрі тоғыз миллимиетрлік інжу болып шықты. Оның құны мыңдаған долларға дейін жетуі мүмкін. Десе де, ерлі-зайыпты асыл тасты сатпаймыз деп шешті.
Дереккөз: UPI