Ақан Сатаевтың «Қасым хан» туралы тарихи фильмі жақында экранға шығады
«Жақында кинода. Оңай болған жоқ, бірақ мен және менің командам істелген жұмыс пен көптен күткен нәтижені мақтан тұтамыз»,
— деп жазды режиссер Инстаграм парақшасында. Тарихи картинада Қазақ хандығының өркендеуі көрсетіледі. Қасым ханның билігі кезінде Дешті-Қыпшақтың жерлері бағындырылып, қазақтар этнос ретінде қалыптасқан болатын. Басты рөлдерді – жас және ересек Қасым ханның рөлдерін Данияр Оразаев пен Берик Айтжанов сомдады.