Апорт алмасын әлемдік нарыққа шығару бағдарламасы таныстырылды
Бағдарлама 2024-2028 жылдарға арналған.
Төрт жыл ішінде алма бақтарының толық көлемде коммерциялық өндірісін бастау үшін қажетті мөлшерде көшет өсіріледі. Бірінші кезеңде, 2024 жылы «Сиверс» алмасының тұқымдарын жинау және қазақстандық «Апортты» өсірудің ұлттық стандарттары әзірленді. Келесі жылы «Сиверс» алма ағашының көшеттерін «Талғарда»10 га аумаққа отырғызу басталады. Келесі екі жылда 100 га аумаққа бақ салу үшін жеткілікті мөлшерде көшет өсіру жоспарлануда. Одан кейін жеке бақша иелері арасында «Апорт» өндірісін кеңейту мүмкін болады, деп хабарлайды Қазақпарат.