Әнші концертке келген итті қорқытпау үшін фейерверктен бас тартты

Жануарларды сүйетін жандар иттердің отшашудан және қатты шудан стресске ұшырайтынын жақсы біледі. Сондықтан Taty Girl деген бразилилиялық әнші алдыңғы қатардан төрт аяқты көрерменді көргенде, отшашу болмайтынын хабарлады.
Жанашыр әртіс тіпті итті өзіне алғысы келді, бірақ оның иесі бар болып шықты. Еске салсақ, осындай жүрегі жұмсақ жан жақында Таиландта отшашу кезінде қорқып қалған итті тыныштандыру үшін жарты сағат бойы құшақтап отырды.
Дереккөз: Indian Express
Фото: Unsplash
Видео: Instagram/@dinatekart