Әміре ресейлік «Голос» жобасында төрт тәлімгерді өзіне қаратты
“Әміре” лақап атымен танымал қазақстандық әнші Ернар Садырбаев Стиви Уандердің «Part-Time Lover» әнін орындады.
Қазылар алқасындағы Дима Билан, Александр Градский, Пелагея және Леонид Агутин Әміренің өнерін жоғары бағалап, өздерінің топтарына шақырды. Әміре Дима Биланды таңдады. Бұған дейін қазақстандық орындаушы Әділхан Макин де ресейлік «Голос» байқауында келесі кезеңге өткен болатын.
https://www.youtube.com/watch?v=il1_DiVMruI