Америкалық жұп қоқыс жәшігінде кездесті
Махаббатыңды қайдан табатынын ешқашан білмейсін.
39 жастағы Эрин Шеффилд пен оның күйеуі 35 жастағы Дэйв университетте оқу барысында қоқыс жәшіктерінен бағалы заттарды іздеп жүргенде танысқан. 15 жыл бойы ерлі-зайыптылар металл, жиһаз және күнделікті заттарды тауып, eBay мен Facebook Marketplace-те сатады. Жақында олар балалы болып, қыздарын қоқыс жәшігінен табылған бесікке жатқызып жүр.
Дереккөз: Mirror