Америкалық жұлдыздар музыканы жасанды интеллектен қорғамақшы

📺 Шоу-бизнес
05.04.2024
Просмотров: 168

200-ден астам өнерпаз жасанды интеллекті «адам шығармашылығына шабуыл жасап жатыр» деп, ашық хатқа қол қойды. Олардың ішінде Билли Айлиш, Imagine Dragons, Nicki Minaj, Katy Perry, Jonas Brothers және басқалары бар.

Әлем жұлдыздары жасанды интеллект жақын арада әртістердің түпнұсқа дауысының цифрлық көшірмесін жасауы мүмкін деп алаңдаушылық білдіріп отыр.

«Біз барлық жасанды интеллект әзірлеушілерін, технологиялық компанияларды, цифрлық музыка қызметтерін әртістердің өнеріне нұқсан келтіретін немесе алмастыратын е құралдарды дамытпайтынына немесе қолданбайтынына кепілдік беруге шақырамыз»,

— деп айтылған ашық хатта.

Дереккөз: People 

Так же вам может быть интересно