Америкалық студенттер тағамның дәмін келтіретін қасық ойлап шығарды

👩‍🔬 Исследования и открытия
12.01.2023
Просмотров: 400

Sugarware деп аталатын асхана аспабы ешбір химиялық қоспасыз тағамның тәттілігін күшейтіп, артық калория қосудан сақтайды.

Ерекше қасықта дәм рецепторларын күшейтетін арнайы бүрлер бар. Олар тәттілікті сезінуге жауап беретін рецепторларға әсер етіп, миға сәйкесінше сигнал жібереді.

Sugarware авторалары қант диабетіне шалдыққан адамдарға пайдалы болатынына сенімді. Студеннтерді тәттілікті күшейтетін қасықты ойлап шығаруға жапониялық өнерпаздар шабыттандырған. Олар әлсіз тоқ өтетін және натрий иондарының орналасуын өзгерту нәтижесінде тағамның тұздылығын күшейтетін таяқшалар ұсынған еді.

Дереккөз: Scientificamerican

Метки: Ғалымдар

Так же вам может быть интересно