Америкалық триллер «Кальмар ойынын» Netflix-тегі бірінші орыннан ығыстырды

🎬 Кино
20.10.2021
Просмотров: 214

10 эпизодтан тұратын «Сен» драматикалық телехикаясы Netflix-тің АҚШ-тағы рейтінгенде көш бастады.

Сюжет бойынша, Джо есімді кітап дүкенінің менеджері жас жазушыға ғашық болып қалады. Қызды өзіне қарату мақсатында жігіт оның әлеуметтік желілерін зерртеп, сыртынан бақылай бастайды. Көп ұзамай ғашықтық сезімі ессіздікке айналады. Джо сталкерге айналып, қызға барар жолда кедергі болып тұрған кез келген нәрсені, тіпті адамды да жоқ қылудан тайынбайды.

Сериал алғаш рет 2018 жылы Lifetime каналында көрсетілген болатын. Алайда ол кезде телехикая аса танымалдыққа ие болған жоқ. Кейін Netflix көрсетілім құқығын сатып алған. «Сен» сериалының үшінші маусымы стримингтік сервисте 16 қазанда шықты. Онда Джо Лавқа үйленіп, екеуі балалы болады. Алайда Джо жаңа қызды өзіне қаратпақшы болады. Басты рөлді «Өсекші қыз» сериалының жұлдызы Пенн Бэджли сомдады. «Сен» Netflix-те 24 күн бойы көш бастап келген «Кальмар ойынын» екінші орынға ығыстырды. Десе де, кей елдерде оңтүстік кореялық сериал әлі де бірінші орында.

https://www.youtube.com/watch?v=zMIWrtWfDsY

Дереккөз: Forbes.com

Так же вам может быть интересно