Америкалық инженерлер цифрлық бас аспазды ойлап шығарды

🌐 В мире
21.09.2021
Просмотров: 79

Creative Machines Lab атты зертхана мамандары ол үшін лазер мен  3D-баспа технологиясын қолданды.

Алдымен Колумбия университетінің инженерлері тауық етін ультра күлгін сәуледен өткізген. Белгілі болғандай, лазер арқылы әзірленген етте пеште дайындалған еттен қарағанда су мөлшері екі есе көп сақталған. Сондықтан ол дәмдірек болып шықты. Содан кейін ғалымдар етті лазермен күйдіру аппаратына салып, оны әзірлеу тәсілін арнайы бағдарламаға енгізген. Нәтижесінде құрылғы осы деректер негізінде тағамды басып шығарды. Ғалымдардың айтуынша, 3D-тағамның дәмі қарапайым тағамнан кем түспейді.

Дереккөз: TechXplore 

Так же вам может быть интересно