Америкалық ғалымдар роботты адамның эмоциясына жауап беруге үйретті

🔬 Наука и технологии
31.05.2021
Просмотров: 131
EVA робот

EVA атты роботтың басқаларынан айырмашылығы – ол жұмсақ материалдан жасалған, және жасанды бұлшық еттен құрылған. Сондықтан EVA-ның беті қатты материалдан жасалған роботтарға қарағанда эмоция білдіруге икемдірек.

EVA алты түрлі эмоция көрсете алады: ыза, жек көру, қорқыныш, қуаныш, қайғы және таң қалу сезімдері. Жасанды интеллект адамның білдірген эмоциясын айна тәрізді қайталап отырады. Ғалымдар EVA-ны бес жыл бойы құрастырған. Олардың айтуынша, адамға жымиып тұрған роботпен қарым-қатынас орнату оңайырақ болады.

Дереккөз: Колумбия университетінің сайты

Так же вам может быть интересно