Алматының туризм саласынан түскен салық түсімдері 2 есеге артты
Былтыр үш тоқсанда ару қаламызға 1,7 млн адам келді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға көп.
Нәтижесінде салық түсімдері екі есеге, немесе 85,5 миллиард теңгеге дейін артты. Туризм саласына салынған инвестиция да айтарлықтай өсті — 93 миллиард теңге. Жеке қаражат есебінен қалада 35 жаңа орналастыру нысаны ашылды. Қонақ үйлер, глэмпинг, хостелдер. Еске салсақ, CNN Travel Алматыны 2025 жылы келуге тұрарлық қалалар рейтингінде бірінші орынға қойды.
Дереккөз: Алматы әкімдігі
Фото: Unsplash