Алматылықтар музейге көп бара бастады
Жыл қорытындысы бойынша музейлер кіру билеттерін сатудан 60 млн теңгеден астам табыс тауып, осы жылға арналған жоспарды 200%-ға орындаған.
Бұл туралы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform. Өнер сүйер қауым үшін биыл 73 көрме ұйымдастырылды, оларды 125 230 адам тамашалады – бұл 2022 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Кіру билеттерінің бағасы 250-ден 5000 теңгеге дейін болды. Айта кетсек, бүгінде Алматы қаласы әкімдігінің жанында 8 музей жұмыс істейді.
Фото: Pixabay