Алматылық суретші Алаш көшбасшысыларының үш портретін бір уақытта салып, танымал болды
27 жастағы Әсел Сабыржанқызы Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың суреттерін қатарынан салып, Желі қолданушыларын тәнті етті.
Суретшінің айтуынша, жұмыс барысында қарындаштың дұрыс бағытта салып жатқанын, әрбір сызықты, сурет салу жылдамдығын қадағалап тұру қажет болды. Tik Tok-та жария болған видео бір миллионнан астам қаралым жинады. Инстаграмда жазба 50 мыңнан астам рет қаралды. Әсел Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясының түлегі. Сурет өнерін меңгеруге 15 жыл жұмсаған. Қазір Әсел негізінен гиперреалистік сурет салады. Оның туындыларының ішінде Jah Khalib пен Скриптонниттің портреттері бар.
Дереккөз: Tengrinews