Алматыдан Самарқандқа авиарейс ашылады
![алматы самарканд авиарейс](https://luxfm.kz/wp-content/uploads/2021/05/almaty-samarkand-aviarejs.jpg)
Uzbekistan Airways әуе компаниясының Самарқанд — Алматы – Самарқанд маршруты 8 маусымда іске қосылады.
Рейс аптасына екі рет – бейсенбі және сенбі күндері орындалады. Барып-қайту билетінің құны 76 500 теңге. Еске салайық, жақында 9 маусымнан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Черногорияға жаңа рейс ашылатыны туралы белгілі болды.
Дереккөз: Tengrinews