Алматыда жастарға тұрғын үйді жалға беру бойынша өтініш қабылдау басталады

🇰🇿 Новости Казахстана
05.12.2023
Просмотров: 342

Құжаттарды 11-15 желтоқсан аралығында тапсыруға болады. Бағдарлама аясында 2 100 пәтер үлестіріледі.

Тұрғын үй 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін қазақстандықтарға сатып алу құқығынсыз 3 жылға жалға беріледі. Өтініш пен құжаттарды Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына www.kezekte.kz сайты арқылы тапсыру керек. Басты талаптар: Алматы қаласында тұрғылықты жері бойынша 3 жылдан кем емес тіркеудің болуы, соңғы алты айда ай сайынғы табыстың көрсеткіші 138 мың теңгеден кем болмауы.

Так же вам может быть интересно