Алматыда жаңажылдық ұжымдық кештерге тыйым жоқ

Бірақ шектеулер бар, деп мәлімдеді қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов.
Мекеме қызметкерлері мен келушілер Ashyq-та «жасыл» мәртебеге ие болуы тиіс. Сонымен қатар, Жаңа жыл қарсаңында Алматының қай аймақта болуына байланысты (жасыл, сары немесе қызыл), іс-шара өтетін орындарды толтыру нормативі қарастырылған.
«жасыл» аймақта — 50%-ға дейін, 100 орыннан көп емес;
«сары» аймақта — 50%-ға дейін, 70 орыннан аспау керек;
«қызыл» аймақта — 50%-ға дейін, 50 орыннан аспау керек.