Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлерге жеңілдік жасалады
Орта бизнес 3 айға дейін коммуналдық төлемдерден босатылады. Сондай-ақ кәсіпкерлер 6 ай бойы аренда құнын төлемейді.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде 1600-ге жуық кәсіпкер зардап шеккен. Еске салайық, қазақстандық кәсіпкерлер шығындарын өтеулеріне болады. Ол үшін InfoKazakhstan.kz платформасында электронды өтініш қалдыру қажет. Өтініштер күнтізбелік бес күн ішінде қаралады.
Дереккөз: «Хабар 24»