Алматыда халықтың осал топтары тұрғын үй сертификатын алуға өтініш бере алады

🇰🇿 Новости Казахстана
16.10.2024
Просмотров: 195

«Наурыз» жаңа тұрғын үй бағдарламасы аясында 1,5 млн теңгеге дейін сертификат алып, оны бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қолдануға болады.

Сертификат өтеусіз әрі қайтарымсыз беріледі, деп хабарлайды Қазақпарат. Оған өтініш беру үшін осал топқа жататын үміткер  орташа табысын растауы қажет, яғни отбасының әрбір мүшесіне осы қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3 еселенген көрсеткішінен аспауға тиіс. Бұл 134 мың теңгені құрайды.

Сертификат алушыларға ЖАО кезекте тұрғандардың ішіндегі мынадай санаттар жатады:

1. 1 және 2 топтағы мүгедектер;
2. Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
3. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
4. Көпбалалы отбасылар.

Қажетті құжаттар:

1. Жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі (әлеуметтік осал топтарға талап қолданылмайды);
2. Ипотекалық тұрғын үй несиесін беру туралы банктің мақұлдау хатының электрондық көшірмесі, онда несие сомасы мен ай сайынғы төлем мөлшері көрсетілуі керек.

Өтініштер 3 жұмыс күні ішінде қаралады.

Фото: Pixabay

Так же вам может быть интересно