Алматыда бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 995 грант беріледі

🇰🇿 Новости Казахстана
07.04.2022
Просмотров: 142

Өтінімдер 1 сәуірден бастап business.enbek.kz порталында қабылдана бастады.

Грант сомасы 1 млн 225 мың теңгені құрайды. Үміткерлерге қойылатын басты талаптар: жасы 29-дан аспауы керек, оның тіркелген жұмыссыз мәртебесі немесе мерзімі 1 жылдан аспайтын жеке кәсіпорыны болуы қажет және бизнес-жоспардың болуы шарт. Өтінімдерді қарау мерзімі — 10 жұмыс күнін құрайды. Комиссия мүшелері бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, жаңа жұмыс орындарын құру сияқты критерийлер бойынша іріктейді.

Дереккөз: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Так же вам может быть интересно