Алматыда бас шыршаның шамдары жағылды
Салтанатты іс-шара Аяз Ата мен Ақшақардың қатысуымен «Абай» алаңында өтті.
Жаңа жылдың басты символының биіктігі –22 метр. Бас шырша жарықдиод 10 мың гирляндамен және жаңажылдық 350 ойыншықпен безендірілген. Қаланың бас шыршасымен бір сәтте әр аудан шыршасының шырағы да жанды. Бүгіннен бастап алматылықтар мен қала қонақтары үшін қысқы фестиваль аясында тақырыптық жаңа жылдық іс-шаралар ұсынылады.
Фестиваль 15 күнге созылып, оның аясында қазақстандық өнім өндірушілердің сыйлық жәрмеңкелері өтеді, гастроаймақтар, шеберлік сыныптары, конкурстар, кешкі кино көрсетілімдері және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады.
Дереккөз: Қазақпарат
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі