«Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасы бойынша бір мың отбасы үйлі болады

🇰🇿 Новости Казахстана
17.05.2022
Просмотров: 196
женская ипотека

Өтінішті ертеңнен бастап 1 маусымға дейін almaty-zhastary.kz сайтында қалдыруға болады.

Бағдарламаға 35 жасқа толмаған, соңғы алты айда Алматыда ресми жұмыс істеп келе жатқан қызметкерлер қатыса алады. Жас отбасыларға 18 миллион теңгеге дейінгі сомаға 5 пайыз жеңілдікпен қарыз беріледі. Бастапқы жарна – 10 пайыз. Қарыз 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Жалпы бағдарламаға 18 миллиард теңге бөлінді. Оған медицина қызметкерлері, мұғалімдер, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, халықты әлеуметтік қорғау және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатыса алады.

Дереккөз: Tengrinews 

Так же вам может быть интересно