«Алматы жастары-2022» тұрғын үй бағдарламасы 18 мамырдан бастап іске қосылады

🇰🇿 Новости Казахстана
13.05.2022
Просмотров: 207

Өтініш қабылдау 1 маусымға дейін жалғасады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді. 

Жас отбасыларға 18 млн теңгеге дейінгі сомаға 5% жеңілдікпен қарыз беріледі. Ақшаны бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алуға жұмсауға болады. Бастапқы жарна – 10%. Қарыз 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бағдарламаға жасы 35-тен аспаған медицина қызметкерлері, мұғалімдер, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, халықты әлеуметтік қорғау және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатыса алады. Жалпы 1000 жас отбасы баспанамен қамтылады деп жоспарлануда.

Дереккөз: Tengrinews 

 

 

Так же вам может быть интересно