Алматы тауларында туристерге арнап 15 лашық салынады
Онда Wi-Fi-ды пайдалануға, телефонды қуаттауға, дәрі қобдишасы мен азық-түлік жиынтығын алуға болады. Сонымен қатар, суық күні жылынып, түнеп шығуға мүмкіндік бар.
Лашықтар Алматы тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіз және жайлы демалуы үшін қажетті жағдайлар жасау жоспары аясында салынады. Әкімшіліктің мәліметінше, соңғы уақытта, әсіресе пандемия кезінде тау туризміне деген қызығушылық арта түскен.
Дереккөз: Қазақпарат