Алматы Катарда өткен көрмеде үздік туристік бағыт деп танылды

✈️ Путешествия
03.12.2024
Просмотров: 151

Дохада Qatar Travel Mart 2024 халықаралық көрмесінде ару қаламыздың табиғи және мәдени көрнекті орындары таныстырылды.

Үш күндік көрмеге 60-қа жуық ел қатысып, іс-шараны 12 мыңнан астам адам тамашалады, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі. Алматы стендінде өңірдің табиғи сұлулығы мен мәдени мұрасы таныстырылды. Қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, дәстүрлі қазақ киімдерін киіп көрді. Көрме қорытындысы бойынша Алматы «Ең үздік туристік бағыт» номинациясында жеңімпаз атанды. Алматыны Visit Almaty орталығы, 6 қазақстандық туроператор және «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты таныстырды. Қазақстандық және шетелдік туроператорлар арасында 100-ден астам B2B кездесу өткізіліп, қалаға 13 мыңнан астам шетелдік туристің келуін көздейтін 44 келісімге қол қойылды. Бұл келісімдер іскерлік байланыстарды нығайтуға және Алматыдағы туристік лекті арттыруға бағытталған халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

Фото: Unsplash

Так же вам может быть интересно