Алғаш рет қазақстандық спортшы АҚШ-та ескек есуден чемпион атанды

⚽ Спорт
27.08.2021
Просмотров: 101

21 жастағы Назарбаев интеллектуалды мектебінің түлегі Ануар Акчурин турнирді 5 медальмен аяқтады. Жас спортшы бұл жетістікке бапкердің көмегіне жүгінбей, өз күшімен жетті.

Байдарка мен каноэден ескек есуден АҚШ чемпионаты 21 мен 24 тамыз аралығында Оклахома-Ситиде өтті. Жарысқа бүкіл әлемнен спортшылар қатысты. Айта кетейік, Ануар Акчурин Флоридада механикалық инженер маманы бойынша білім алып жатыр. Спортпен 2011 жылдан бері айналысады. 2018 жылы Словакияда өткен Халықаралық регатада 200 метрлік дистанцияда жеңімпаз атанды. Ал сол жылы Болгарияда өткен Әлем чемпионатында күміс жүлдесіне ие болды. Сонымен қатар, Ануар Азия чемпионатының 500 және 200 метрлік дистанцияладындағы екі дүркін чемпионы.

Дереккөз: Vesti.kz 

 

Так же вам может быть интересно