Әлемнің ең күшті қызы Азия чемпионатында Павлодар облысының намысын қорғайды

Құрлық біріншілігіне жолдаманы 15 жасар Эвника Сәдуақасова жеңіп алды.
Жастар мен жасөспірімдер арасында бокстан Азия біріншілігі 27 ақпан мен 15 наурыз аралығында Иорданияда өтеді. 15 жасар боксшы 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, Азия чемпионы атағы үшін таласады. Эвника Сәдуақасова Павлодарда туып, бала күнінде отбасымен бірге Ресейге көшкен. Бокспен төрт жасында айналыса бастаған. 2016 жылы ол Максим Галкин жүргізетін «Лучше всех!» бағдарламасында қонақ болған. Ал биыл екі бірдей шетелдік басылым — британиялық Firstpost және үнді The Indian Express Эвника Сәдуақасованы әлемдегі ең күшті қыз бала деп атады.
Дереккөз: Pavlodarnews.kz