Әлемдегі ең қымбат фото $12,5 млн-ға сатылды
«Энгр скрипкасы» атты суретте жалаңаш әйел бейнеленген. Оның денесі скрипканың пішінін қайталайды.
Фото 1924 жылы түсірілген. Онда фотограф Ман Рэйдың музасы – Кики де Монпарнас бейнеленген. Еске салайық, жақында Christie’s аукционында Энди Уорхолдың Мэрилин Монро портреті рекордтық $195 млн сатылды.
Дереккөз: CNN