Әлемдегі ең көне ағаш табылды – оның жасы 5 мың жылдан асады
Ғалымдардың мәліметінше, фицройя ағашы 5484 жыл бұрын тамыр жайған. Ол Чилиде өседі, диаметрі 4 метрден асады.
Ағашқа Гран-Абуэло, яғни «Ұлы ата» деген ат берді. Ол бұрыңғы рекорд иесі – Калифорниядағы Мафусаил қарағайынан жүз жылға үлкен. Оның жасы — 4853 жыл. Айта кетсек, Қазақстандағы ең көне хан-ағаш – алып қарағаш Іле өзенінің «Алтын-Емел» ұлттық табиғи саябақ аумағында өседі. Жасы 700 жылдан асқан. Яғни, қарағаш Шыңғысхан шапқыншылығының куәгері болған.
Дереккөз: Science