Әлемдегі ең алғашқы SMS аукционда 100 миллион теңгеге сатылмақ
![](https://luxfm.kz/wp-content/uploads/2021/12/sms-merry-christmas.jpg)
Сатып алушы телефон экранында Merry Christmas «Рождество құтты болсын» деген жазба пайда болатын видеоның иесі атанады.
Vodafone компаниясы видеоны NFT түрінде шығарған және ол үшін $225 мың алмақ. Әлемдегі ең алғашқы SMS 1992 жылдың 3 желтоқсанында жіберілді. Нил Пэпворт есімді бағдарламашы компьютерден Vodafone компаниясының басшысы Ричард Джарвиске Merry Christmas «Рождество құтты болсын» деген хабарлама жіберген болатын.
Дереккөз: The Sun