Әлемдегі ең үлкен алқызыл «Сакура» гауһар тасы аукционда сатылды

⌚ Lifestyle
25.05.2021
Просмотров: 73
бриллиант сакура

Оның құны $29 млн жетті. Бұл пурпур түстес гауһар тас үшін ұсынылған ең қымбат баға.

«Сотбис» сауда үйі ұйымдастырған аукцион Гонконгта өтті. Салмағы 16 карат болатын асыл тас сакура гүлімен түстес болғандықтан осылай аталған. Сақинаға соғылған кіршіксіз мөлдір гауһар тас ашық қанық түсімен ерекшеленеді. Мұндай артықшылық алқызыл түсті гауһар тастардың тек 4%-на ғана тән. Айта кетейік, бұған дейін рекорд «Раушан елесі» деп аталатын гауһар тасқа тиесілі болған. Салмағы 15 каратты  асыл тас $26 млн-ға сатылған еді.

Дереккөз: CNN

Так же вам может быть интересно