Әлемде алғаш рет: Биткоин Сальвадордың заңды төлем құралына айналды
Конгресстің 84 депутатының 62-сі президент ұсынысын қолдады. Осылайша, Сальвадор биткоинды ресми төлем құралы ретінде мойындаған алғашқы ел атанды.
Мемлекетте осы күнге дейін АҚШ доллары қолданыста болып келген. Енді сатушылар тауарлардың құнын биткоинда белгілей алады. Айта кетейік, Сальвадор тұрғындарының 70%-да банк шоттары жоқ екен. Ел тұрғындары негізінен шетелде жұмыс істеп, ақша аударып отыратын жақындары арқасында өмір сүреді. Ал, биткоин осы ақша операцияларын жеңілдетеді деп күтілуде. Бүгінге бір биткоинның құны — $34 мың асады.
Дереккөз: CNBC