Әлем картасында бесінші мұхит пайда болды: оның бар екенін National Geographic мойындады

🔬 Наука и технологии
09.06.2021
Просмотров: 66
южный океан

Енді Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттарыммен қатар картада Оңтүстік мұхиты белгіленетін болады.

Ондаған жылдар бойы ғалымдар Антарктиданың айналасындағы судың бірегей және басқа мұхиттардың жалғасы емес екенін дәлелдеп келді. Енді ұзаққа созылған ғылыми пікірталасқа нүкте қойылды. Оңтүстік мұхиты деп отырғанымыз – бұл Антарктиданың 60 градус оңтүстік енділігіндегі Дрейк бұғазы мен Скош теңізін қоспағандағы су. Айта кетейік, Халықаралық гидрографикалық ұйымы Оңтүстік мұхитты 1937 жылы мойындаған еді. Алайда ғылыми қауымдастықтың қысымынан кейін 1953 өз шешімінен бас тартты.

Дереккөз: National Geographic

 

Так же вам может быть интересно