«Әлем аруы-2021» атағын польшалық Каролина Белявская жеңіп алды
22 жастағы ару 97 елден келген сұлу үміткерді артта қалдырды.
Каролина менеджмент мамандығы бойынша магистратурада оқып жатыр, одан кейін доктор дәрежесін алмақшы. Ару сондай-ақ модель болып жұмыс істейді және қайырылымдылықпен айналысады. Айта кетейін, бірінші және екінші вице-мисс атағына сәйкесінше АҚШ және Кот-д’Ивуар өкілдері ие болды. Қазақстан атынан Ақтөбе аруы Назерке Карманова қатысты.
Фото и видео Instagram/@missworld, @carolinabielawska