Алакөл таяу шетелден ұшақ қабылдайтын болады
Бұл Үржар әуежайының ұшып-қону жолағын жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін мүмкін болады. Оның ұзындығы 2 шақырымға дейін ұзарып, әуежайға Embraer үлгісіндегі ұшу алыстығы орташа ұшақтар қона алатын болады.
Сонымен қатар, Алакөлде Бакудегі «Жара» тәрізді халықаралық фестиваль өткізіліеді. Ол үшін биыл арнайы AlaZONE алаңы ашылады. Бұл туралы Шығыс Қазақстанның әкімі Даниал Ахметов хабарлады. Айта кетейік, осы маусымда Алакөлде 163 қонақүйі мен демалыс базалары қызмет етеді. 17 маусымнан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан, Семей және Өскеменнен Алакөлге дейін баратын қосымша поездар іске қосылды.
Дереккөз: TengriTravel