Алакөлге демалушыларды жаңартылған вагондар тасымалдайды
Көпшілік жиі айтатын «вагондарда кондиционер жоқ, іші ыстық, суы жоқ, вагондар тозып кеткен» дейтін шағымдарды ескеріп, Алматы облысының әкімдігі «ҚТЖ»-мен келісімге қол қояды.
Сондай-ақ Балқаштың жағалауында туристік аймақ пайда болады. Қажетті жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Енді онда қонақүйлер мен туристік объектілер салынады.
Дереккөз: Қазақпарат