Алакөлге дейін «Тальго» жүрдек пойызы іске қосылады
Бұл бағыт бойынша ол күнара жүретін болады.
Алматы облысы әкімдігінің мәліментінше, 2019-2021 жылдар аралығында бұл бағытта жолаушылар легі 264 пайызға өскен. Биыл Алакөлге 240 мың жолаушыны тасымалдау жоспарланып отыр. Еске салайық, бұдан бұрын Алакөлге демалушыларды жаңартылған вагондар тасымалдайтыны хабарланған болатын. Көпшілік жиі айтатын «вагондарда кондиционер жоқ, іші ыстық, суы жоқ, вагондар тозып кеткен» дейтін шағымдарды ескеріп, Алматы облысының әкімдігі «ҚТЖ»-мен келісімге қол қояды.
Дереккөз: Tengri Travel