Ақтауда жолушыларды тегін таситын таксист қазақстандықтарды тәнті етті
Қуандық Өміров күнде таңертең, бір-бір жарым сағат бойы адамдарды қалаған жерлеріне еш ақысыз апарып салады.
Ал кешке жұмыстан кейін сағат 9-дан 12- ге дейін таксист қызметіне қайта кіріседі. Ақтаулық күніне шамамен 20 адамға дейін тегін тасиды. Қуандықтың айтуынша, адамдармен сөйлескен оған тыныштық сыйлайды. Ер адамның мұндай қайырымдылықпен айналысқанына бір айға жуық уақыт болған. Алғашында адамдар сенбеген. Ал қазір көбісі оның көлігінің нөмірін біледі, және қуана-қуана тоқтатады.
Дереккөз: 24.kz