АҚШ тұрғыны бір күнде 50 млрд доллар иесі атанды
Банк қателесіп, Даррен Джеймс есімді Луизиана тұрғынының шотына қомақты соманы аударған. Осылайша ол Джефф Безос пен Илон Масктың үштен бір байлығына тең ақшаның иесі болып шықты.
Бұл туралы оған әйелі хабарласып айтқан. Даррен шотын тексерсе, шынымен де миллиардер атанғанына көзі жетеді. Дегенмен, ол бұл туралы банкқа айтуды жөн көреді. Банк ақшаны шоттан тез арада қайтарып алды. Мұндай қателік неліктен кеткені белгісіз.
Дереккөз; Фокус